Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июнь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30

Қазақстанда ипотека шарттары айтарлықтай өзгертілмек

0
Реклама
Top 6 nutrition questions men should ask themselves after 40

To maintain health and remain full of energy, men will be helped by this

Бүгін Сенат үлестік құрылысқа бақылауды күшейту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат ипотека шарттарына елеулі өзгерістер енгізуді көздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттар "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтерін көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарады.

"Заң жобасының негізгі мақсаты – үлестік құрылыс саласындағы мемлекеттік реттеуді күшейту, тұрғын үйдің бастапқы нарығындағы мәмілелердің қауіпсіздік деңгейін арттыру, инватакси қызметтері мен автожол саласындағы кадрлық әлеуетті жақсарту", – делінген құжаттың қорытындысында.

Тұрғын үй салынбаса, ипотека жоқ
Түзетулердің негізгі блогы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға қатысты. Құжатта қатаңдату шараларының бірқатары көзделген:

салынып жатқан тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алу-сату бойынша алдын ала шарттар жасасуға тыйым салу;
үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ нысандарды жарнамалауға тыйым салу;
халықтан қаражат тартудың заңдылығын әкімдіктердің міндетті түрде мониторингілеуі;
салынып жатқан көпқабатты нысандарға ипотека рәсімдеуге тыйым салу;
барлық мәмілелерді тек қолма-қол ақшасыз түрде жүргізу міндеттілігі;
тұрғын үй құрылысының ұзартылу мерзімін 9 айдан 5 айға дейін қысқарту.


"Заң жобасы аясында үлескерлер қорғалмаған және құрылыс салушылар жауапкершіліктен жалтаратын, салынып жатқан үйлерді сатудың "сұр" схемаларын толық жою ұсынылады", – делінген қорытындыда.

Сондай-ақ ынталандыру шаралары да енгізіліп жатыр: үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды төмендету, әкімдіктің рұқсатын алғаннан кейін үлескерлердің ақшасын бірден пайдалану мүмкіндігі, құрылыс салушының жарғылық капиталына қойылатын талаптарды 15 пайыздан 10 пайызға дейін жұмсарту.

"Бұл адал құрылыс салушыларға үлескерлердің мүдделеріне нұқсан келтірмей, жобаларды қаржыландыруға неғұрлым икемді тәсілмен қарауға мүмкіндік береді", – деп толықтырды құрастырушылар.

Үлескерлерді қолдау орталығын – жобалардың заңдылығы мен инвестициялардың қауіпсіздігі туралы ақпарат беретін консультативтік орган құру жоспарланған.
Жолдар: бақылау мен ашықтық 
Автомобиль жолдарына қатысты бөлімде жол құрылыс материалдары мен технологиялары бойынша Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу ұсынылады. Сондай-ақ жол саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережелері бекітіледі.

"Жолдарды сапасыз жөндеу мен салу деректерінің жиі анықталуына байланысты біз мердігерлерге қойылатын талаптарды күшейтеміз. Жалпы құрылыс және жол жұмыстары бойынша аккредиттеу бөлек енгізіледі. Сонымен қатар техникалық қадағалау "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң субъектілеріне теңестіріледі", – делінген қорытындыда.

Тағы бір маңызды өзгеріс – мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтеріне қатысты. Түзетулер мынадай мүмкіндіктерді қарастырады:

Инватакси қызметтерін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы алу мүмкіндіктерін кеңейту;
тұрғылықты жерінде жеткізушілер болмаған жағдайда қызметтерді мемлекеттік сатып алу арқылы ұйымдастыру;
әкімдіктер тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейту.


"Инватакси қызметтеріне қолжетімділік тетіктерін кеңейту мұқтаж жандардың, әсіресе бұрын мұндай қызмет болмаған өңірлерде, қамтылуын арттырады", – делінген хабарламада.

Не күтіледі?
Заң қабылданған жағдайда үлестік құрылыстағы "сұр" нарық үлесін азайту, үлескерлердің құқықтарын қорғауды күшейту, жол сапасын жақсарту және мүгедектігі бар адамдар үшін көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру күтіледі.

"Бұл заң жобасы – құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым саласындағы қордаланған мәселелерді жүйелі шешуге жасалған маңызды қадам", – делінді Сенатта.

Түзетулер қолданыстағы оннан астам заңнамалық актілерге, соның ішінде Азаматтық, Қылмыстық, Әлеуметтік кодекстерге, сондай-ақ "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы", "Жарнама туралы", "Автомобиль жолдары туралы" және басқа да заңдарға енгізіледі.





Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин открыл единственный биокластер России на ВДНХ в Москве


Реклама
The most beautiful beach towns with cheap living

A huge number of people around the world dream of one day breaking out of the daily routine

Спорт в России и мире
Москва

Вольная борьба: Браво капитан! В финал чемпионата России вышел якутянин Константин Капрынов


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Джессика Пегула

Пегула, занимающая третье место в мировом рейтинге, вышла в полуфинал турнира в Бад-Хомбурге


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Пловцы из Серпухова получили 20 медалей на областном турнире





Путин в России и мире
Москва

Трамп высоко оценил высказывания Путина: отношения с Москвой улучшаются


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Лукашенко: неформальный саммит ЕАЭС может пройти в Петербурге в декабре




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

В Киеве после саммита НАТО сообщили Зеленскому мрачные новости


Навальный в России и мире

Реклама
Top 6 nutrition questions men should ask themselves after 40

To maintain health and remain full of energy, men will be helped by this


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Оркестр

Оркестр "Виртуозы Москвы" представит новый проект "Бах. Вивальди. Путь к свету"



Москва

Парагвай нацелен на премиальные поставки мяса в Россию после успеха в Европе

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net