Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Май
2025

Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті

0
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Байзақ ауданында өткен шарада ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлер дәріптеліп, кітапханалар мен музейлердің көрмесі, театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды.
Облыс әкімі мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген 4 мыңға жуық азаматтың ұлт руханиятының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оларға шынайы ризашылығын жеткізді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мәдениет пен өнердің ағартушылық әлеуеті орасан зор. Бұл сала ұлт санасын жаңғыртуға ерекше ықпал етеді.
Бүгінгі таңда еліміздің мәдени өміріне серпін беретін маңызды бастамалар жүзеге асырылып келеді. Өңірде де ұлттық рухты жаңғыртуға, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге бағыттылған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
«Өнер – ұлттың ұлы қазынасы» десек, сол өнердің шырақшылары – Сіздерге алғысымыз шексіз! Еңбектеріңіз елге мерей, руханиятқа тірек болсын! – деген аймақ басшысы сала қызметкерлеріне шығармашылық табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Биыл мәдениет саласын дамытуға 16,5 млрд теңге бөлінді (2024 ж. — 15,3 млрд теңге).
2024 жылы 8 мәдениет нысаны ел игілігіне берілді. Ағымдағы жылы 16 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде.
– Бұл – мәдениетімізді дамытуға, елді мекендерде өнер мен руханиятты қолжетімді етуге бағытталған нақты қадам. Әрбір нысан – тұрғындардың шығармашылық әлеуетін арттырып, аймақтың мәдени келбетін айшықтай түсетіні сөзсіз, – деді облыс әкімі.
Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде өңір өнерпаздарының халықаралық және республикалық байқаулардағы жетістіктерін де жоғары бағалады.
Салтанатты шара барысында мәдениет және өнер саласының бірқатар қызметкері сала дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталып, қаржылай сертификатқа ие болды.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі Майра Әлімбетова «Құрмет» орденімен наградталды.
Кәсіби әнші Қаһарман Ілиясқа ҚР Президентінің Алғыс хаты мен «Алтын Барыс» белгісі тапсырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің де мерекелік марапаттары табысталды. Жамбыл ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев «Еңбек ардагері» медалін, Байзақ ауданы Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің домбырашысы Панабек Ахметов пен А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының жарық беруші технигі Мұратбек Исаев «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.
Бұдан бөлек, сала үздіктеріне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, өңір басшысының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді.
Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне сый-құрмет көрсетті.
Мерекелік кеш соңында сахна саңлақтары көрермен қауымды өз өнерлерімен тәнті етті.

Сообщение Облыс әкімі мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net