Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Август
2024

Дархан Сатыбалды "Жайлы мектеп" мердігерлерінің жұмысын сынға алып, ескерту жасады

0
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 3 үш жыл ішінде кемі 50 мың оқушы үшін 63 мектеп салу жоспарланған. Өңірде жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Абаттандыру және жолдардың құрылыстары да дер кезінде аяқталуы тиіс. Білім нысандарының құрылысында орын алып отырған проблемаларды талқылап, шешім шығару үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жобаны үйлестіруші Samruk-Kazyna Construction АҚ Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша Өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев пен барлық жауапты тұлғалардың басын қосып, Президенттің қойған міндетінің орындалу барысын талқылады. Облыс әкімі жауапсыздық танытқандарға шара қаралатынын ескертті.

"Жайлы мектеп" Ұлттық жобасын іске асыру міндеті "Samruk-Kazyna Construction" Ұлттық компаниясына жүктелген. Жиналыста ерекше мектептердің құрылысы барысында орын алып жатқан өзекті мәселелер ортаға салынды. Кей құрылыс компаниялары мектеп құрылысын жоспардан кешіктіруде. Жауапты мердігерлер құрылыс барысындағы кедергілерді түсіндірді. Бірі құрылыс материалдарының бағасы шарықтап, жеткізу мерзімінің созылуын алға тартса, енді бірі жұмыс қолының жеткіліксіздігін айтты. Тағы бірі сараптама қорытындыларының мерзімінің созылуын атады.


"Бұл – тарихта болмаған жоба. Оның орындалуы – бәрімізге сын. Сондықтан мойындарыңызға алған жауапкершілікті сезініп, жұмысты мерзімінде және сапалы аяқтауға бар күштеріңізді салыңыздар. Әртүрлі сылтау, бос сөз айтып, баланың тірлігін жасаудың қажеті жоқ. "Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама!" деген, енді ақталу артық. Әр нәрсенің сұрауы бар. Бітіріңіздер, бітті. Сіздерден басқа сұрау жоқ. Кедергілер болса, дер кезінде көтеру керек. Мерзімдердің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды. Бұл ретте жұмыстардың сапасы ақсамауы тиіс. Олай болмаған жағдайда жауапты тұлғаларға шаралар қолданылатын болады", - деді Дархан Сатыбалды.


"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы – Мемлекет басшысының 2022 жылы халыққа Жолдауында айтылған бастамасы. Жобаны 2023-2025 жылдар аралығында іске асыру көзделген. Ауқымды іс еліміздегі мектеп тапшылығы мен үш ауысымда оқыту мәселесін жою мақсатында жүзеге асуда. Бұған демографиялық өсім мен мектептердің ескіруі себеп болып отыр.

Құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылатын оқу нысандары жиһазбен, заманауи құралдармен жабдықталады. Бастауыш және жоғары сыныптар үшін оқу кабинеттері және спорт залдары бар жеке блоктар қарастырылған. Оған қоса, жоғары деңгейдегі қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілмек. Мектептердің ішкі жабдығын қамтамасыз етуде отандық өндірісті тарту көзделген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net