Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Май
2024

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының интерьерін жақсарту бойынша бүкілхалықтық сауалнаманың қорытындысы жарияланды

0

"Samruk-Kazyna Construction" АҚ ұсынған пилоттық жобаның 3D-визуализациясының көмегімен Қазақстантұрғындары салынып жатқан жайлы мектептердің ішкі жабдықталуы бойынша соңғы талқылауға қатысты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан пилоттық білім беру жобасы апатты мектептердің, үш ауысымды оқытудың проблемаларын шешуге, сондай-ақ қала мен ауыл мектептерінің арасындағы жарақтандыру айырмашылығын жоюға бағытталған.

Виртуалды саяхатқа қатысқан 312 респондент арасында интерьер дизайнерлері, қаржы ұйымдарының өкілдері және басқа да маман иелері бар. Бастысы сауалнамаға қатысушыларының жартысына жуығы жоба игілігін көретін пайдаланушылар: бастауыш және жоғары сынып мұғалімдері, психологтар мен тәрбиешілер, оқушылар мен олардың ата-аналары және оқу орындарының директорлары.

Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (93 пайызы) ұсынылған интерьер шешімдерін мақұлдап, қолдауларын білдірді. Өзгелері "Samruk-Kazyna Construction" акционерлі қоғамымен мектеп интерьерін жақсарту бойынша өз идеяларымен бөлісті.

Сауалнамаға қатысу барысында ерекше белсенділікті 40-59 жас аралығындағы тұрғындар(50 пайыздан жоғары), сонымен қатар 20-35 жас аралығындағы жастар (30 пайыз) көрсетті. Бұл жобаның халық үшін өзекті екенін айқындап, оның Қазақстан болашағын дамыту мен әлеуметтік прогресті жетелеудегі әлеуетін көрсетеді.

"Біздің әрбастамамыз белгілі бір мақсатқа негізделеді - "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру барысына негізгі пайдаланушыларды барынша тарту. Біз ел тұрғындарының барлық ұсыныстарына аса мән береміз, өйткені жоба шын мәнінде ауқымды және кәсіби шешімдерді ғана емес, сонымен қатар болашақ пайдаланушылардың бағасын талап етеді. Сауалнамаға ауылдық елді мекендердің тұрғындары (респонденттердің 42 пайызы) белсенді қатысқанын атап өту маңызды. Бұл сауалнаманың арқасында азаматтар 360 градустық көріністе 3D форматта шолу жасап, ішкі интерьер шешімдерін толық зерттей алды. Біз келіп түскен барлық жауаптарды өңдеп, балалар үшін жайлы білім беру ортасын қамтамасыз етуге қажет Қазақстан тұрғындарының орынды ұсыныстарды іріктеп аламыз. Кейін оларды мектеп жобаларына енгізуге мүмкіндік беретін қадамдарға кірісеміз. Біз уақытын бөліп, сауалнамаға қатысқан әр азаматқа алғысымызды айтамыз", - деп атап өтті "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.

Фото: АО "Samruk Kazyna Construction"

Жобада білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Мектептер озық STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залдармен, демалыс және нетворкинг аймақтарымен жабдықталады. Әр сыныпта интерактивті тақта мен заманауи компьютерлер орнатылады. Жайлы мектептердің жобаларында буллингтің алдын алу шаралары да қарастырылған - бастауыш және жоғары сыныптарға арналған блоктар өзара шектелмек. Сондай-ақ, оқушылардың киімдері мен жеке заттарын қауіпсіз және ұйымдастырылған жерде сақтауға арналған киімжайлардың көлемі артпақ. Бұл сонымен қатар киімді ауыстыруға байланысты уақыт пен стрессті азайтады. Аталған мәселелер болашақ мектептердің жобаларында қарастырылған.

"Біздің елімізде білім беру нысандарын салу бойынша осындай ауқымды жоба бұрын-соңды жүзеге асырылған емес. Тапсырыс берушілердің құрылысы жүріп жатқан мектептерді жақсарту бойынша бізден кері байланыс сұрағаны қуантады. Сауалнамадағы 3Д үлгі бізге болашақ оқу орнының атмосферасын сезініп, ішкі кеңістіктің қандай болатынын анық көруге мүмкіндік берді. Біз жаңа форматтағы мектептер оқушылардан білімді, жан-жақты тұлғаларды тәрбиелеуге оң әсер етеді деп сенеміз, сондықтан мектептердің пайдалануға берілуін асыға күтеміз", - депатап өтті Ақтөбе қаласының Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Абзал Амантайұлы Тәжімішев.

Респонденттер мектептегі медициналық пункттердің жарақтандырылу деңгейіне де жоғары бағаларын берді. Бұл оқушылардың жарақаттанып, өзін жайсыз сезінген кезде тез арада алғашқы көмек көрсетуде ерекше рөл атқарады.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылар "Жайлы мектеп" жобасының интерьерінде графика мен портреттік суреттерді пайдалануды қолдайтындарын жеткізді. Респонденттер ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді сақтай отырып, әлемдік мәдениет элементтерін қолдану арқылызаманауи суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстарын интерьерге енгізу туралы ойларымен бөлісті.

Респонденттердің басым бөлігі жайлы мектептердің интерьерін безендіруде қолданылатын түстер палитрасына да оң бағаларын берді. Оқу орындарындабілім алу атмосферасын жағымды етіп, оқушылар назарын қажетсіз заттарға бұрмау үшін жайлы түстерді қолдану қажет.

"Мен сауалнамада ұсынылған жайлы мектептердің 3D визуализациясын мұқият қарап шықтым. Дизайнерлер мен жобалаушылардың жоғары жұмыс деңгейін атап өткім келеді. Түстер өзара өте үйлесімді ұсынылған, ал мектеп кеңістігінің ішкі дизайны барлық заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Маған балалар мен оқытушылар құрамы үшін демалыс аймақтары қалай безендірілгені де ұнады", - деп атап өтті Қабанбай Батыр ауылының мектеп директоры Ботагөз Қазкенқызы Сүлейменова.

"Біздер, ұстаздар қауымы, "Жайлы мектеп" жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан 3 деңгейлі үлгідегі мектептің ішкі интерьер дизайнын, жиһаздарды, безендірілуін тамашалап отырмыз. Көріп отырғанымыздай, шынайылыққа өте жақын. Оқушыларға да, мұғалімдерге де барлық жағдай толыққанды жасалғандығы көңілге қуаныш сыйлатады.

Бұл мектептен білім алып шығатын әрбір шәкірт адами құндылығы бойына дарыған, ұлттық құндылықтарын дәріптейтін жеке тұлға болып қалыптасары сөзсіз", - деп атап өтті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміСырбаева Сағадат Мәлікқызы.

Сонымен қатар, қатысушылар жобаға E-ASHANA және Е-Кітапхананы, сондай-ақ оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау жүйесін (СКУД) енгізуге ниет білдірді. Бұл ұсыныстар ҚР Білім Министрлігімен талқылауға шығарылады.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о волонтерском движении Москвы


Спорт в России и мире
Москва

Серебро «Кубка МЧС России по боксу» завоевал бердчанин Владислав Ефременко


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
WTA

Теннисистка Андреева заявила, что хочет войти в топ-20 рейтинга WTA ради собаки


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Тузику и Мурке присвоят номера: нужен ли в России закон о нумерации домашних животных





Путин в России и мире
Москва

Путин встретится с первыми участниками программы «Время героев»


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Зачем западная пресса начала «сливать» главу ОП Ермака, который за спиной у Зеленского решает все вопросы


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Дмитрий Шостакович

Осенью 2024 года пройдет основная часть съемок фильма о Шостаковиче



Москва

Дептранс рекомендует использовать метро для поездок из-за ожидаемых дождей

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net