Президент қалалық сенбілікке қатысты
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.