Тақия, бөрік, сәукеле: Қазақ спортшыларының Олимпиадада киетін киімі таныстырылды
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов Мәжіліс депутаттарына Қазақстан спортшыларының Париж Олимпиадасына киіп баратын киім үлгілерін таныстырды.