Роман Скляр СҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM - Бірінші вице-премьер Роман Скляр Солтүстiк Қазақстан облысындағы Есiл ауданына қарасты Покровка, Петровка және Николаевка ауылдарында су басқан үйлерді аралап, зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.