Шакира ағылшын тілін қалай үйренді?
Шакира ағылшын тілін қалай үйренді? Әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира ағылшын тілін үйренуде қандай тәсілдер қолданды? Шетелдік баспасөз таратқан ақпаратқа сүйене отырып, латынамерикалық жұлдыздың тәжірибесін назарларыңызға ұсынамыз.
Әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира ағылшын тілін үйренуде қандай тәсілдер қолданды? Шетелдік баспасөз таратқан ақпаратқа сүйене отырып, латынамерикалық жұлдыздың тәжірибесін назарларыңызға ұсынамыз.
Бала күнінен өнерге, жалпы шығармашылыққа біртабан жақын өскен Шакира әншіліктен бұрын би өнерін меңгерген. 4 жасында өлең құрастырып, 8 жасында әннің сөзін өзі жаза бастаған. Оның жазуға деген махаббатының артқаны сонша, 7 жасқа толғанда ата-анасынан баспа машинкасын сатып беруді сұраған екен. Әншінің өсе келе ағылшын тілін меңгеруіне түрткі болған өлең жазуға деген құштарлығы еді.
Шакираның ана тілі — испан тілі. 1990 жылдардың соңында оның испан тіліндегі әндері Колумбияда кеңінен тарап, халық арасында жоғары бағаланды. Осы уақытта әншінің менеджері...