ӨМІР МАҒЫНАСЫН АДАМНЫҢ ІЗДЕУІ МЕН ТАРАТУҒА ҰМТЫЛУЫ, ПСИХОСИНТЕЗДЕГІ ТҰЛҒА ДАМУ МӘСЕЛЕСІ
ӨМІР МАҒЫНАСЫН АДАМНЫҢ ІЗДЕУІ МЕН ТАРАТУҒА ҰМТЫЛУЫ, ПСИХОСИНТЕЗДЕГІ ТҰЛҒА ДАМУ МӘСЕЛЕСІ
ХХІ ғасырдағы «Жаңа Қазақстанның» бет-бейнесі, мақтанышы — білімді, бәсекеге қабілетті, кез келген іске тәуекелшіл, жасампаз жастар. Осындай жастарды тұлға етіп шығаруда жоғары оқу орындарының үлесі зор десек, қате айтпағанымыз. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында білім сапасының көрсеткіші бойынша көш бастап тұрған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін ерекше айтып өтуімізге болады. Әдебиеттанушы З. Қабдолов: «ҚазҰУ — өз ішінен бөлініп шыққан көп институттар секілді отау емес, орда», - демекші бұл білім ордасында көпсалалы мамандықтарды оқытып шығарумен қатар, кез келген факультет студенттерінде барлық сала бойынша базалық білім болу мақсатында бірнеше пәнді тереңдетіп...