сыпыра сауатсыздықтың тамыры тым тереңде!
21 ғасыр жалпы жастар үшін ғана емес, күллі адамзат үшін жаңалығы мол әрі мүмкіншілігі көп кезеңнің нақ ордасы. Алдыңғы ұрпақтарға жеткілікті болған білім – қазіргі уақытта табысты болу үшін жеткіліксіз. Жазу және оқу білетін, бірақ оны санасымен ұғына білмеудің өзі осы қатарды толықтырады. Өз кезегінде сауатсыздықтың басым болуы мемлекет ішіндегі әлеуметтік,экономикалық дағдарысқа әкеліп соқтырады. Ауызша және жазбаша сауатсыздықтың ең негізгі себебі үшін «кітап оқымау» немесе «телефонға телмірген уақыт» тіркесі қажеттілігі туындайды. Берілген алтын уақыттардың ішіндегі бос сағаттарды әдеби шығарма мен газет-журналға арнаушы тұлғаларды, нақтырақ айтар болсақ студенттер мен оқушыларды сирек кездестіреміз. Заман талабына сай білім беру жүйесі орныққанымен жас...