Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2023

"Бауырым, бұл хайуан іспетті адам". Билікшіл ұйымның зорлық-зомбылыққа қарсы митингісі қалай өтті?

0

Алматыда биліктің рұқсатымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті. «Жануарлар әлеміне жоқ де» деген атпен өткен бейбіт шараны «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы ұйымдастырды. Акцияға 300-ге жуық адам жиналды. Олар тұрмыстық зорлыққа қарсы екенін білдіріп, арнайы заңды қатаңдатпас бұрын, сананы өзгерту керек деген ой айтты. Азаттық тілшісі Петр Троценко митингіге барып, фоторепортаж жасап қайтты. 

«Жаңа адамдар» — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдайтын билікшіл жастар қозғалысы. Бұл ұйым туралы былтыр қарашада белгілі болды. Ол кезде қозғалыс белсенділері Тоқаевпен кездескен. Президент жастар азаматтық белсенділігі арқылы мемлекетке пайда әкелетінін, болашақта қозғалыс мүшелері арасынан депутат, министр, тіпті президент шығуы мүмкін екенін айтты. 

Әлеуметтік желіде тараған митинг туралы хабарландыру әйел құқығын қорғап, отбасылық-тұрмыстық зорлық туралы заңды қатаңдатуды талап етіп жүрген үкіметтік емес ұйымдар тарапынан сынға ұшырады. Қазақстандық «Феминита» феминистік бастамасы Instagram парақшасында Қазақстанда жануарларды жаппай өлтіру мәселесі өзекті екенін ескертіп, «Жануарлар әлеміне жоқ де» ұранын қолдамайтынын, шараны ұйымдастыру процесіне күмәнмен қарайтынын жазды.

— Агрессивті коммуникация, вижуал мен жастарды жедел жинау (бір қызығы, астаналық ұйым Алматыда митинг өткізіп жатыр) Ерлан Қарин немесе Тоқаевтың айналасындағы шенеуніктер ұйымдастырған кезекті мемлекеттік жобаға ұқсайды, — делінген «Феминита» жазбасында.

Зорлыққа қарсы митинг адам көп жүретін орталықтан алыс, «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы шағын гүлзарда өтті. Бір кездері совет дәуірінен қалған ескерткіштерді осы алаңға әкеліп қойған.

Митинг өтетін алаңның айналасына қоршау орнатылған. Оның ар жағында полиция қызметкерлері тұр. Айналада күш құрылымдарының өкілі көп, көп қабатты үйдің артына үш автозак әкелінген. Әр жерден форма киген кісілер көрінеді. Наразылар арасында да азаматтық киімдегі қызметкерлер жүрді.

Алаңның айналасына сот залында күдікті отыратын темір тор қойылған. Тор ішінде адамдар емес, манекендер отыр: неге екені белгісіз, көбі — әйелдер.

Ұйымдастырушылар бұл инсталляцияны «митинг соңында қатысушылар манекендерге тұрмыстағы зорлық бойынша қылмыс түрлері жазылған плакат іліп, жануарлар маскасын кигізеді» деп түсіндірді.  

«Жаңа адамдар» Сталин дәуіріндегі советтік партия қайраткері Михаил Калинин ескерткішінің артына сахна орнатқан. Гүлзарға кіреберісте митинг қатысушыларына орамал мен антропоморфты жануарлар (ұйымдастырушылар тұрмыстағы зорлыққа бейім қылмыскерлерді осындай аңдарға теңесе керек) бейнеленген транспаранттар таратты. Кейбірінің қолында қызыл бояу жағылған жұмсақ ойыншықтар болды.

Көзім рептилоидқа ұқсас жануар бейнеленген транспарантқа түсті.

«Бауырым, бұл жануар образындағы адам», — деді транспарантты басына көтеріп тұрған жігіт. Көбінің қолында қолдан жасалған түрлі плакаттар болды. Жазуы әртүрлі болғанымен, бәрінің мағынасы —бір: зорлық — жаман, кез келген адам құрметке лайық. 

«Жаңа адамдар» қозғалысының белсендісі, митинг ұйымдастырушыларының бірі Әлихан Сәрсенов шараның мақсатын жеткізуге тырысты.

— Тұрмыстағы зорлық туралы заңды қатаңдатсын деп тікелей айтпаймыз. Өйткені одан пайда жоқ. Жаза 5-10 жылға қатаңдағаннан адамдардың санасы өзгермейді. Сананы өзгертуіміз керек. Зорлық жасау дұрыс емес, мен ондайға бармаймын дегенді бәрі айтады. Феминистер бізді әйелдерді қорғап жатқан жоқсыңдар деп айыптады. Олар қателеседі. Иә, елімізде әйелдер көбірек зардап шегетінін түсінеміз, бірақ әйелдер ғана жапа шекпейді. Қазақстанда балалар да, ересектер де, мүмкіндігі шектеулі адамдар да бар. Олар да зорлық объектісіне айналуы мүмкін. Біз бәрін қорғаймыз. Бұл — ортақ мақсат және қоғам болып бірігіп шешуді қажет ететін ортақ мәселе, — деді ол.

KazFem феминистік бастамасының белсенділері Вероника Фонова мен Карина Антонникова митингіге қатыса алмады. Оқиғаға куә болған әріптестерінің айтуынша,  полиция белсенділерді қоршаудан өткізбей қойған. Полицияға олардың митинг тақырыбына қатысы жоқ плакат ұстап келгені ұнамаған. 

Митинг қатысушыларының көбі қызғылт түсті күртеше киіп, орамалмен, медициналық маскамен, күннен қорғайтын көзілдірікпен жүздерін жасыруға тырысты. Олар журналистермен сөйлескісі келмеді.

«Тісім ауырып тұр, сөйлей алмаймын. Күлгін түсті киімдегі адамдарды көрдіңіз бе? Соларға барыңызшы», — деді жүзін көзіне дейін орамалмен жауып алған жігіт. 

Дәл осылай пікір беруден қашқақтаған адам аз болмады. 

— Астанадан келдім, өйткені азаматтарымызды, елімізді қорғағымыз келеді. Зорлыққа қарсымыз! Еліміз жақсы жаққа қарай өзгерсе дейміз, бірақ ешкім ештеңе істемейді. Қол қусырып отырғымыз келмеді. Заңдар бірінен соң бірі қабылданады, бірақ оны ешкім сақтамайды. Заң қатаңдағанын қаламаймыз, бар заңды бұзбайық, — деді өзін Алина деп таныстырған бойжеткен.

Астанадан «Жаңа адамдар» белсенділері бір делегация болып келген. Ұйымдастырушылар астанадан жалпы қанша адам келгенін айтпады, бірақ Азаттық сөйлескен 30 шақты адамның бәрі Алматыға митинг үшін арнайы келгенін айтты. 

Сахнаға «Жаңа адамдар» көшбасшысы Әсел Баденова көтерілді. Ол қайта-қайта қолындағы қағазға қарап, сөйлеп шықты: 

— Бүгін бұл алаңға «жануарлар әлеміне» жоқ деу үшін жиналдық! Президент заңдармен, ережелермен өмір сүруіміз керек дейді. Бірақ заңға бағынғысы келмейтін адамдар бар. Олар инстинктеріне сүйеніп, эмоциямен өмір сүргісі келеді. «Жоқ» деген сөзді түсінбейді. Қарсылық естісе, ұрып жіберуге дайын тұрады. Бүгін осы алаңда өзімізге, жақындарымызға жануар сияқты жабайы қарым-қатынас жасалғанын қаламаймыз деп айтуға келдік. «Жаңа адамдар» бүгіннен бастап зорлыққа қарсы азаматтық науқандар сериясын бастайды. Бізге қосылуға ниеттілер болса, кампусқа келіп, акцияларымызға қатыса аласыздар. Бүгіннен бастап зорлыққа қарсы акциялар өткізіп, бейнероликтер түсіріп, сұхбаттар жазып, зорлыққа себеп болып отырған мәселелер туралы сөйлесеміз,  — деді Баденова. 

Кейін тұрмыстағы зорлық салдарынан қаза тапқан адамдарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Зорлыққа қарсы плакаттар арасында А4 форматындағы «Ит — жақсы, режимнің төбеттері — жаман» деген жазуы бар парақша ерекшеленіп тұрды. Бұл парақшаны Қазақстандағы KazLeft солшыл қозғалысының белсенділері алып келген.

— Митинг немесе басқа да акциялар кезінде ұсталғандар да тергеу изоляторындағы азаптауға, наразылық кезінде оқ атуға жоқ деуге құқылы. Біздің ұранымыз сол туралы. Плакатымыз бүгінгі митинг тақырыбына сай келеді деп ойлаймыз, — деді өзін Ілияс деп  атаған жас жігіт. Оларға плакат мазмұнына қатысты ескерту жасалған, бірақ оны ешкім тартып алмаған. 

Митингіде қарашада қаза болған Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелдіге де микрофон тиді. 

— Кейінгі екі аптада өміріміз түбегейлі өзгерді. Қаншама қорқыныш, қайғы көрдім. Тұрмыстағы зорлықтан бастап құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне дейін қандай сұмдықтың ішінде өмір сүріп жатқанымызды ешқашан ұмытпаймын. Бұл әлемді кім құрды, заңдарды кім жазды? Заңды жазған адамдар үмітімізді ақтамады. Жаңа заңды, әсіресе, тұрмыстағы зорлыққа қатысты нормаларды қоғам бақылауына алу керек, — деді Айтбек Амангелді. 

Ол шоттары бұғатталып, қорға қаржылай көмек көрсеткен демеушілері полиция қысымына ұшыраған #НеМолчи.kz ұйымына қолдау білдірді. Ұйымдастырушылар Амангелді мұндай мәселе көтереді деп күтпегендей көрінді. Бірақ оның сөзін ешкім бөлген жоқ. 

— Қанша адам бас көтеріп, сөйлей бастаған шақта зорлық құрбандарына бәрінен артық көмектесіп келе жатқан қордың шотын бұғаттап, негізсіз, дәлелсіз қысым көрсетіп, үй-үйді аралап, арыз жазуға мәжбүрлеп жатыр. Маған бірнеше адам жазды. Олардың үйіне тергеушілер келіп, қорға қарсы арыз жазуды сұраған. Қор жабылса, мыңдаған қыз-келіншек қолдаусыз қалады. Бір жылдан кейін Салтанаттың басына барғанда бір өзгеріс болды, бір-бірімізге мейірімдірек бола бастадық деп айтқым келеді, — деді ол. 

Акцияның соңында қатысушылар торға кіріп, манекендерге жыртқыш аңдардың маскасын кигізіп, платмасс ойыншық үстіне плакаттар ілді. Осыдан кейін жүргізуші митинг аяқталғанын хабарлап, қатысушылардан тарауды сұрады.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин: Трасса Солнцево — Бутово — Варшавское шоссе будет готова в 2026 году


Спорт в России и мире
Москва

Сделано в СССР. Первое историческое ралли в Москве стартует 2 июня


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Ролан Гаррос

Теннисист Рублев вышел во второй круг Открытого чемпионата Франции


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Ученые Президентской академии в Санкт-Петербурге разработали способ повышения экологичности целлюлозно-бумажной промышленности





Путин в России и мире
Москва

Эксперт Президентской академии в Санкт-Петербурге об историческом минимуме уровня безработицы в России


Лукашенко в Беларуси и мире
Минск

Лукашенко назвал рецепт своего фирменного салата "Молодость", которым угощал Путина в Минске




123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

Столтенберг решил не встречаться с Зеленским в Брюсселе


Навальный в России и мире
Москва

Адвокатам Навального продлили арест



Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Олег Лундстрем

Внучатый племянник Олега Лундстрема нашёл в Ульяновске свою кровь



Москва

Жителям Подмосковья рассказали, как уменьшить коммунальные платежи

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net