Жетісу облысында «Дипломмен ауылға» жобасы қалай жүзеге асуда?
Биыл өңірде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қомақты қаржы бөлінген. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 206 жас маманға 1,1 млрд теңге несие берілсе, көтерме жәрдемақы бойынша жергілікті бюджеттен 115,6 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржыны ауылдық өңірге барған 335 маман алуы тиіс, деп хабарлайды Kazinform.