Арди емдеу орталығы
Арди емдеу орталығы
Балалар арасындағы мүгедектік мәселесі Қазақстандағы өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Статистикаға сүйенсек, елімізде 98,2 мыңнан астам мүгедек бала өмір сүреді. Оның 19 мыңнан астамына церебралды сал ауруы диагнозы қойылған.
Бүгінде медицина бұл дертті толық емдеп жазуға қауқарсыз. Орталық жүйке жүйесіндегі ақау салдарын сапалы реабилитация мен баланың өз бетінше жүріп-тұру қабілетін дамыту арқылы реттеуге болады.
Балаларды оңалту МӘМС пакетіне кіреді
2020 жылдан бастап оңалту және денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған ем-шаралар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы қаржыландырылады.
«Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар медициналық көмекті тегін пайдаланады және мемлекет тарапынан сақтандырылады. Мысалы, биылғы жылдың 4 айында оңтүстік астанада балаларға 4,5...