Жаңбыр, найзағай, дауыл: Сәрсенбіге күн райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат – 23 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуімен күн райының құбылмалы сипаты сақталып, жаңбыр, найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек оңтүстік аумақтарда жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұманды болады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.