Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Дүйсенбіге күн райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 тамызда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, онымен найзағай, жаңбыр, бұршақ күтіледі. Еліміздің орталығы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.