Ақмолалық қолөнер шебері ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүр
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Асқан төзімділікті, ептілікті талап ететін өнерде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан ақмолалық шебер, Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектебінің ұстазы Бахшагүл Байдолдақызы осы күні зергерлік бұйымдар, қуыршақтар мен мүсіндердің түр-түрін жасайды. Технология пәнінің мұғалімі туындыларды жасауды 2015 жылы қолға алған. Содан бері ұлттық болмысымызды айшықтайтын зергерлік өнерді дамытуға елеулі үлес қосып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.