Спортшылар ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты ауруханада тегін емделе алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Іс басқармасына (ҚР ПІБ) қарасты Медициналық орталығының ауруханасы мен «Қазақстан спортшылары одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді аурухананың спорттық медицина орталығында отандық спортшылар консультациялық-диагностикалық және хирургиялық қызметтерді тегін ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігі сайтына сілтеме жасап.