Олжабай батыр
Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай[дың] әкесі Толыбайдың жалғыз құла шолақ биесі бар екен. Құла шолақ бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, ұры алып кетіпті. Он жеті жасар күнінде Олжабай сол іздеуге (ізлеуге) азық-түлік пісіртіп алып:
(ІІ нұсқа)

— Құла биені алған кісі іннің түбіне кіріп кетсе де, қоймаймын! — деп аттаныпты.
Айдалада бір жалғыз қара лашық үйге кез болып, сусын ішіпті. Сонда бір қатын айтыпты:
— Мына белдің астында бір көл бар, сол көлдің басында бір ел бар. Сол елде бір батыр сенің биеңді байлап, сауып ішіп отыр. Бір биеңнің сүтімен бір тайпа елді асырап отырар, биеңді бере...