Қазақстан мен Әзербайжан экономикалық ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді
БАКУ. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байелдің Әзербайжан Республикасы Экономика министрі Микаил Джаббаровпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» меншікті тілшісі.