Жұмыспен қамту орталықтары 1 шілдеден бастап мансап орталығы болып қайта құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 1 шілдеден бастап Қазақстанда облыс орталықтары мен мегаполистерде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылды. Ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтары болып қайта құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.