Сыйлық-сүйіспеншілікті арттырады,жүректі кірбіңнен тазартады
Сыйлық алуды әркімнің-ақ ұнататыны белгілі. Өйткені сыйлық алғанда, адамның жаны жадырап, көңілі көтеріліп, іштей бір марқайып қалатыны рас. Елен еткізер куанышты жағдайларда болмаса, жайшылықта оның бұйыра бермейтіні тағы бар. Иығына шапан жабу, астына ат мінгізу, алдына қоралап кой, үйірлеп жылқы салып айдату, сәлемдеме ретінде азын-аулақ сый-сыяпатын беріп жіберу - о бастан қазақ дәстүріне сіңісті жомарт мінезділікпен құрметтеудің,шын көңілден сыйлаудың белгісі. Ондайда сый көрген жан да қауқылдасып, өзін құрметтеген жанды төріне отырғызғанша асығады. «Тонға емес, орамал жолға жарап, сый тартуды атамыз ырым еткен», - деп Мұқағали атамыз айткан бұл кәде VII гасырдаты Култегін сөзінде «Жырақ журсен - жаман сый береді; жақын журсең-асыл сый береді» деп тасқа ойып жазылған екен.
Сыйлық беру - адамдардың іңкәр сезімін оятып, бір-біріне деген құрметін арттырады.Шынайы ізгі ниет қалыптастырып аралас-құраластықты, достықты,бауырмашылдықты, суйіспеншілікті нығайтады. Жүректі кірбіңнен, кірден тазартып, арадағы салқындықты жылылықпен алмастырады.
«Сыйға сый...», «Асықты жілік бергенге жамбасыңды сақта», «Иесін сыйлаганның итіне сүйек таста», «Сыйласаң, сый көрерсін», «Дос бергеннің түсіне қарама» деп мақалдаған қазақ атамыз да «Әркім сыйлағанның құлы»дегенді...