Тәжікстан кәсіпкерлері Қазақстанның бизнеске маман дайындау тәжірибесіне қызығушылық танытты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тәжікстан кәсіпкерлері экономика секторларын сұранысқа ие білікті мамандар және менеджерлермен қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәжірибені зерделеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.