Бейжіңде қытай тіліндегі қазақ әндері жинағының тұсаукесері өтті
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай астанасында Қазақстан Республикасы ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және басқалардың 30 белгілі музыкалық шығармасын қамтитын қытай тіліндегі танымал қазақ әндерінің алғашқы аударма жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сайтына сілтеме жасап.