Румынияда 150-ден астам мұғалім ереуілге шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Румынияда мұғалімдер үш күннен бері ереуілдетіп жатыр. Педагогтер жалақыны көтеруді талап етуде. Қазіргі таңда румыниялық мұғалімнің жалақысы шамамен 480 евро. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе кем, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.