Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім көлікті басқара алмай жол апатына түсіп, 1 жолаушы көз жұмды
![Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім көлікті басқара алмай жол апатына түсіп, 1 жолаушы көз жұмды](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/05/04/230504180018389e.jpg)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі кентінде 17 жастағы жасөспірім «Тойота» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.