Енді азаматтар санаторийде емделу үшін қажет медициналық қорытындыны ЕGov порталынан ала алады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Енді қазақстандықтар ЕGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы санаторий-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытындыны және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту үшін анықтама алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.