Қожанасыр - түркі халықтарына ортақ тұлға
Түркі халықтарының әзіл символы болған Қожанасырдың өмірі туралы мәлімет беріледі
Қожасаныр – қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол “ауылы аралас, қойы коралас ”, қыз алысып, қыз берісіп құда – жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Әңгімелер сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатира мен ажуалап сынау арқылы адамды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұткызды. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа – күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйінінде үлкен тәрбие – тәлім толқыны анықтай қалады, оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.
Жалпы, Орта Азиядағы түркі халықтарында Қожанасыр тұрпаттас әзілдей отырып тапқыр сөз айтатын, өткір тіліменен ел билеушілерді қағытып тастайтын тұлғалар көп...