Адамда сенімсіздік неден пайда болады?
Күн санап,қоғам стереотиптері күрделеніп келеді.Адамзат,сән айнасына миға қонымсыз заттарды айналдырып,оны тіпті пір тұтатындай жағдайға жетуде.Егер сен, қоғам талабына сай киінбесең,жүрмесең, онда сені сәннен қалған деп, сөгеді деген қауіп адам миында орналып қалады. Міне,осы себептен де адам тұла бойындағы ең бір жағымсыз қасиеттердің бірі, өз-өзіңе сенімсіздік пайда болады. Өз-өзіне сенімсіз адам, қоғам алдына шығуға,сөз сөйлеуге,өз өзін көрсетуге, жалпы айтқанда назар аудартқаннан қашады. Адам өз өзін іштей жегідей жеп,ыңғайсыздықта,қысылып тұра қалады. Әрбір адамның ол жайлы не ойлайтындығы,қандай ой қалыптасатындығы,не деп санайтыны сенімсіз адамның миын мазалап,көкейінде 1000 түрлі сұрақ оятады.
Ал,бұл сенімсіздік атты адам қас жауын жеңетін қандай да бір ем бар ма?
Психологиялық тренингтер? Бәлкім үрейіңді жеңу үшін,өз өзіңді жиі қоғамға көрсетіп үйрету керек пе? Қандай да бір мәселені шешу үшін, адам баласы өз қорқынышына тіке қарай білуі тиіс. Сол себептен де,бұл қасиеттен арылудың бірден бір жолы ол-өз қорқынышыңа тіке қарау. Статистикаға сенсек, 21 ғасыр адамдарының 98% өз өзіне сенімсіздікпен қарайды. Оларға қандай да бір шешімді, өз қалауларынша қабылдау немесе өз қалауымен жүру қиынға соғады деседі.Қортындылай келе,қоғам талабын ескермеу үшін, сен өз талабыңды қоя білуге тиіссің. Өз мүддеңді,өз ұстанымыңды білдіріп,өзіңді жеке тұлға ретінде көрсете алсаң,сенімсіздіктен де,басқа да қоғам алдындағы...