Шағын несие алғысы келетін жастардан бір айда 761 өтініш түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 1 айдың ішінде жастардан мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда-саттық салаларындағы жобаларды қаржыландыру үшін жылдық 2,5%-бен берілетін шағын несие алуға 761 өтініш қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.