Жұмыс сұраған мұнайшыларды полиция алып кетті. Жаңаөзен халқы оларды дереу босатуды талап етті
Астанада энергетика министерлігіне келіп, тұрақты жұмыс беруді талап еткен жаңаөзендік мұнайшыларды 11 сәуір күні кешкісін полицияның арнайы жасағы күштеп автобусқа тиеп, алып кетті. Бұдан кейін Маңғыстауда оларға қолдау білдірген адамдар билікке үндеу жасап, ұсталғандарды дереу босатуды талап етті.