Алматыда жыл басынан бері екі адам В гепатитін жұқтырған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылдың алғашқы екі айында Алматыда ересек тұрғындар арасында жіті В вирусты гепатитінің (ЖВВГ) 2 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.