Дінтану мамандығының өзектілігі
Мақала дінтану мамандығы жайында.
Ең алдымен сөз басында,өзімді таныстырып кеткенім жөн болар.Мен-Нурбосынқызы Альбина қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің,
Философия және Саясаттану факультетінің, “Дінтану”мамандығының 1-ші курс студентімін.Уақыттың жылдам өткені соншалықты, 3-айдан кейін 1 курсты тәмамдайтынымды байқамай қалдым.Осы тұста өзіме сұрақ қойдым: мен жарты жыл аралығында мамандығымның маңыздылығын түсіне алдым ба?
Жалпы,елімізде “Дінтану” мамандығы жайлы көп біле бермейді.Естігендердің өзі,дін қызметкерлерімен шатастырып екеуінің ара-жігін ажырата алмай жатады.Ал мен біздің қазіргі қоғам үшін ең қажетті мамандықтардың бірі дер едім.Себебі,дін қай заманда болсада,өзектілігін жоғалтпайтындықтан,сонымен қатар,егемен ел болғандықтан,діни келісімдерді тұрақты ұстап,ары қарай арттыруда дінтанушы сарапшы мамандардың рөлі зор.Қысқаша айтқанда,Дінтанушы-барлық діндерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін маман.Сондықтанда,барлық дінтанушы мамандар...