Республика қаһармандары: Мұғалім Дмитрий Ромащенко қазақ тілінен ауқымды жоба ашқысы келеді
![Республика қаһармандары: Мұғалім Дмитрий Ромащенко қазақ тілінен ауқымды жоба ашқысы келеді](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/10/23/221022230041164e.jpg)
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық Дмитрий Ромащеконың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығы бастауыш сыныпта басталған. Бүгінде ол қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Республика күніне орай ҚазАқпарат агенттігі «Республика қаһармандары» атты жоба бастаған едік. Мемлекеттік тілге мейлінше мән беріп жүрген қарапайым кейіпкерімізді осы қаһармандар қатарына тұруға лайық деп санадық.