Павлодар облысында ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлескен әкім жазалануы мүмкін
Әдеп жөніндегі кеңес Павлодар облысы Ақсан ауылдық округінің әкіміне ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлескені үшін қатаң сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеуніктің ауыл тұрғындарына дөрекі сөйлеген сәтін куәгерлер видеоға түсіріп Instagram-да жариялады. Осы видеодан кейін әкімге қатысты тәртіптік іс қозғалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)
"Ауыл тұрғындарымен өткен жиында Кенжебек Дүйсенбаев тұрғындармен дөрекі сөйлескен. Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Баянауыл ауданының әкіміне, аудан әкіміне Қ.Дүйсенбаевқа қатаң сөгіс жариялау туралы хат жолданды", - деді Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет істері департаменті.
Әдеп кеңесінің отырысында ауыл әкімі әдепсіз әрекетке барғанын мойындап, кешірім сұрады.
"Бұл менің қателігім, эмоциямды тежей алмағанымды мойындаймын. Кешіріңіздер. Бұл әрекет енді қайталанбайды", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!