Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен 6 адамның жағдайы орташа ауыр - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кешегі жарылыстан кейін Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың пациенттері №2 облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратына, Шымкент қаласының №1, №2 қалалық ауруханаларына, қалалық перинаталдық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына көшірілді. Олар дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында. Бұл туралы өңірде өткен баспасөз конференциясында ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.