Ақ Жайық. II кітап
Қара Оба болысының жері байтақ — бір жағы Жайық, бір жағы Есен Аңқатысының басына қарай ойысып, жалпақ жатқан Жымпиты даласымен ұштасып кетеді. Атпен жүрсе айналасы әлденеше күндік бұл самиан сардаланың құбыла беті қырат та, арқа жағы ойпаң. Сан түрлі шөп өсетін құйқасы кілемдей қара топырақты осы жазық алапты үстінен шықпасаң көрінбейтін терең-терең сайлар мен ұзын-ұзын өзендер ғана жарып өтіп Жайыққа құлап жатыр. Тауы да жоқ, орманы да жоқ тақтайдай дала; алыстағы аласа адырлар мен жұмыр бел жонайттарының үстін жаз күні қалтыраған сағым орап алып, көкжиекпен тұтасып жатқан теңіздің төріндей етіп көрсетеді; ал қыстыгүні: белесі мен обасын, ойпаты мен саласын қартадай сары қар бүркеп, бетіне көз аялдар қарасыны аз күн астында тұтасып жатқан шетсіз бір-ақ аяң.
Ақ Жайық. I кітап
Ақ Жайық. III кітап
(трилогия)
ЕКІНШІ КІТАП
ШЫҢДАЛУ
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Ұзын аққан, міне, Еділ мен Жайығың
Талай ерлер ерлей салған қайығын...
Сәкен.
БІРІНШІ ТАРАУ
1
Қара Оба болысының жері байтақ — бір жағы Жайық, бір жағы Есен Аңқатысының басына қарай ойысып, жалпақ жатқан Жымпиты даласымен ұштасып кетеді. Атпен жүрсе айналасы әлденеше күндік бұл самиан сардаланың құбыла беті қырат та, арқа жағы ойпаң. Сан түрлі шөп өсетін құйқасы кілемдей қара топырақты осы жазық алапты үстінен шықпасаң көрінбейтін терең-терең сайлар мен ұзын-ұзын өзендер ғана жарып өтіп Жайыққа құлап жатыр. Тауы да жоқ, орманы да жоқ тақтайдай дала; алыстағы...