Арманнан адасу әлде мақсаттан жаңылу?
Мамандықтан жаңылған жастар
Мектепте оқып жүрген жылдары журналистикаға жалындаған, белсенді, сөздері мірдің оғындай, жазғанда қаламдары найзадай талапкерлер келіп, нағыз аламандар бәйгесі сияқты болады деп ойлаушы ем. Алайда өзім түскен соң барып, біраз дүниеге көзім жетіп, қазір ойым өзгерді.
Журналист болу - елдің мұңын мұңдап, билік пен халық арасындағы көпір бола отырып, найза қалам ұштаған маман болу. Бірақ бүгінде біздің кей жастар осыны түсінбей жүр. Журналист болуды әдемі киініп алып, маржандай тістерін көрсетіп, көк жәшіктен шығу деп түсінеді. Міне, бітірген соң 30 адамнан 5 адам ғана журналист болып қалатыны да осыдан. Журналист болу мен тележүргізуші болуды шатастыру. Менің...