"Шындық" - менің ұраным.
"Мен тек шындықты айтатын журналист боламын" - журналистика факультетіне түсейін деп жүрген немесе түсуді армандап жүрген жандардың айтатыны.
Бірінші күндері мұғалімдер "неге журналистиканы таңдадың? " дегенде, бәріміз бір ауыздан "халыққа шындықты жеткізу үшін" деп жауап беретінбіз. Қазір есіме түсірсем, жымиямын да қоямын. Шындығына келгенде, бәрі мүлде басқаша.
Барлық шындықты жариялау - мүмкін емес дүние. Бір материал мемлекеттік құпия болып шықса, екіншісі "цензура" деген нәрсеге келіп тіреледі. Тіпті ең тәуелсіз деген журналистер бәрін айтпайды, себебі шектен шығуға болмайды.
Журфакқа түсемін десеңіз , дайындалыңыз; бірінші күні ешкім қолыңызға камера мен микрофон ұстатып, репортаж түсіруге жібермейді , ешкім жаңалықтар жүргізуге...