20 сәуір күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 сәуірде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың шығысында қар аралас жаңбыр күтіледі. Тек батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстікте – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай, бұршақ, дауыл, батыста шаңды дауыл болады. Сонымен бірге барлық өңірде желдің күшеюі байқалады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.