Қараманнан шыққан қайыршы
Бидәулет тумысынан кедей адам еді. Бала күнімнен көз алдымда. Шошаңдаған бес ешкісін айқайлап ары қуып, бері қуып кіжінетін де жүретін. Кейін үлкендердің әңгімесінен естуімше арғы аталары да иіні жарып тон кимеген, ауы жарып ат мінбеген адамдар болған секілді. Оны бір жылы жазғытұрым жалданып Масғұттың үш жүз қойын төлдеткенде Бидәулеттің өзі де айтыпты. Жеріген қой, жағызған қозы дегендей егіздете топырлап туып жатқан қалың төлді игере алмай кеткен Бидәкең, «Осы жүнді жауды жүзге жеткізе алмай жеті атам күйіп кетіп еді, осылар қалай мың қырылтып айдап жүреді осы? Құдай-ау, мынаның малының қысыр қалған бірі жоқ па? Енді текесі лақтап, қошқары қозылайтын шығар!» деп күйінген екен дейді. Сол Бидәкең туралы әңгіме ғой бұл.
Бидәулет тумысынан кедей адам еді. Бала күнімнен көз алдымда. Шошаңдаған бес ешкісін айқайлап ары қуып, бері қуып кіжінетін де жүретін. Кейін үлкендердің әңгімесінен естуімше арғы аталары да иіні жарып тон кимеген, ауы жарып ат мінбеген адамдар болған секілді. Оны бір жылы жазғытұрым жалданып Масғұттың үш жүз қойын төлдеткенде Бидәулеттің өзі де айтыпты. Жеріген қой, жағызған қозы дегендей егіздете топырлап туып жатқан қалың төлді игере алмай кеткен Бидәкең, «Осы жүнді жауды жүзге жеткізе алмай жеті атам күйіп кетіп еді, осылар қалай мың қырылтып айдап жүреді осы? Құдай-ау, мынаның малының қысыр қалған бірі жоқ па? Енді текесі лақтап, қошқары қозылайтын шығар!» деп...