Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июль
2021

Қазақстанда карантинді бұзғандардың есімі БАҚ-та жарияланады

0

Ashyq-та "қызыл" мәртебесі бар ережебұзушылар тізімі БАҚ-та жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) хабарламасына сілтеме жасап.
Бүгін, 21 шілдеде Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті. Оған премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 шілдедегі елдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

"ВАК Ashyq-та "қызыл" және "сары" мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимін бұзған "қызыл" мәртебесі бар тұрғындардың есімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, вице-премьер Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңір әкімдіктеріне иммундау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді.
Вице-премьер мемлекеттік орган өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, қысқа мерзімде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша келесі шараларды қабылдауды тапсырды:

 жаңа штамдардың пайда болуын ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдардың нақты жоспарын әзірлеу және енгізу;
QazVac отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына шығару мәселесін пысықтау, осы бағытта нақты жол картасын әзірлеу;
карантин шектеулерін сақтауға қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесін пысықтау;
вакциналау қарқыны төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды қалыптастыру;
коронавирусты диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес реанимация бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметтерін қосымша жарақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар енгізу;
коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін "Ремдесивир" препаратын орталықтандырылған сатып алу мәселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау;
Ішкі істер министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған вакцинация паспортын жасаудың жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топ құрсын;
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Атамекен" Ұлттық палатасымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бизнес субъектілерін Ashyq бағдарламасына енгізу жөніндегі талаптарды жеңілдетсін.

Бұған дейін Тоқаев карантинді бұзатындар үшін жазаны қатаңдатуды талап еткен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.net — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net