Өзбекстанда Ұлттық паралимпиада комитеті құрылды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда Ұлттық паралимпиада комитеті құрылды. «Паралимпиадалық қозғалысты дамыту бойынша қосымша шаралар туралы» тиісті қаулыға 18 мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат УзА-ға сілтеме жасап.