Қарт және егде жастағы пациенттерді күтім жасаудағы мейіргерлердің білім деңгейі
Студент: Жиентаева А. С.
Ғылыми жетекші: Саим Л.Н.
«№ 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қарт және егде жастағы пациенттерді күтім жасаудағы мейіргерлердің білім деңгейі»
№1Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Кілт сөздер: қарт және егде жастағы адамдар, мейіргерлік күтім, білім деңгей, жұмыс сапасы, қартаю,шетелдік әдебиеттер.
Тақыпрыптың өзектілігі: Өмір сүру жасының ұзаруы ХХІ ғасырдағы ең үлкен жетістіктердің бірі болып саналады. ХХІ ғасырдың басында халықтың қартаю тенденциясы экономикалық дамыған барлық елдерде байқалады, бұл қоғамның медициналық-әлеуметтік мәселелерінің бірі. БҰҰ департаментінің демографиялық бөлімінің хабарлауынша, планетаның әрбір оныншы тұрғыны қарт немесе егде жаста. 2015...