Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг өмірден өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасында өмірден өтті. Жыл басында одан коронавирус анықталып, ауруханаға жатқызылған еді. Оның қайтыс болғаны туралы хабар сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.