Мы в Telegram
Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2021

Таразда азаншы "Ақ жолды" қолдаған парақшалар ілгені" үшін жазаланды

0
Таразда азаншы

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қала тұрғыны Елдос Қырықбаевты "анонимді үгіт-насихат жүргізді" (Әкімшілік кодекстің 113-бабы) деп айыптап, оған екінші рет 69450 теңге көлемінде (25 АЕК) айыппұл салды. Бұл туралы сотқа қатысқан Азаттық тілшісі хабарлады. 

Тараздағы қалалық мешітте азаншы болған Қырықбаев 10 қаңтардағы мәжіліс және мәслихат сайлауы алдында "Ақ жол" партиясы қолдайтын парақша таратқаны үшін жазаланған. Сот процесі кезінде Қырықбаев өзіне тағылған айыпты мойындап, заңсыз әрекетке барғаны үшін өкінетінін де айтты.

- Иә, таратқаным рас. Парақшаларды ешкімнің көмегінсіз, қаражатынсыз шығарып, желтоқсан айында бағаналарға ілдім. "Ақ жолға" дауыс берсе деген ой ғана болды, ешкімді үгіттеп, митингіге шақырмадым, - деді ол сот кезінде.

Сот процесінде судья Данияр Мадимаров 31 дана парақша тәркіленгенін айтып, бір данасын көрсетті. Қырықбаев былтыр 22 желтоқсанда "Ақ жол" партиясының парақшаларын таратқаны үшін "анонимді үгіт-насихат жүргізді" деп айыпталып, 69450 теңге айыппұл алған еді. Тұрғынның сөзінше, ол айыппұлын әлі төлеп үлгермеген.

Қырықбаев бұрын Тараздағы қалалық мешітте азан шақыруы болғанын, саяси белсенділігіне байланысты жұмыстан шығып қалғанын айтады. Ал Тараздағы қалалық мешіттің имамы Ақмамбетов Асхат "ешкім оны жұмыстан шығармағанын" жеткізді.

- Оны ешкім жұмысынан босата алмайды ғой. Отбасылық жағдайыма байланысты деп өз еркімен кету туралы өтініш жазып әкелді, - деді ол Азаттық тілшісіне.

10 қаңтардағы сайлау алдында шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, билік сыншысы Мұхтар Әблязов өз жақтастарын биліктегі "Нұр Отан" "көп дауыс алып кетпес үшін" "Ақ жол" партиясына дауыс беріп, осы партияны қолдауға шақырған. Әблязовтың үндеуінен кейін аймақтағы белсенділер ол ұсынған "Ақ жолды" қолдайтын парақшаларды тарата бастаған.

Полиция Әблязов ұсынған "Ақ жолды" қолдау парақшасын таратуды заңсыз деп тауып, белсенділерді қудалай бастады. Ал билікшіл "Ақ жол" партиясы Әблязовтың үндеуінен соң "Ақ жол" партиясы мүшелікке адам қабылдауды тоқтатқан.

Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы елде "экстремистік ұйым" деп танылған. Ал Еуропарламент ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған. Қазақстан билігі ҚДТ қозғалысының жақтастарын жиі қудалайды.

10 қаңтар Қазақстанда парламент мәжілісі және мәслихат сайлауы өтіп, оған биліктегі "Нұр Отан" мен билікшіл "Ақжол", "Адал", "Қазақстан халық партиясы" (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы), "Ауыл" партиясы қатысты. Мәжіліске бұрын өтіп жүрген "Нұр Отан", "Ақ жол", "Қазақстан халық партиясы" парламенттен орын алды.

Кейбір сарапшылар бұл сайлауға билікке жақын партиялар ғана жіберілді, оппозициялық топтар қатыса алмады деп санады. Ал ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау миссиясы елдегі саяси науқанда "шынайы бәсеке болмады, сайлау демократиялық талаптарға сай болмады" деп бағалады.






Загрузка...


Губернаторы России
Москва

Собянин: Москва — мировой лидер по динамике развития транспортной инфраструктуры


Спорт в России и мире
Москва

Футбольная сборная России забила Белоруссии 4 безответных мяча


Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса
Александр Зверев

Зверев вышел в финал «Ролан Гаррос»


Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Сервис email-маркетинга DashaMail интегрировал в свою экосистему конструктор виджетов LeadPlan





Путин в России и мире
Москва

Путин: Москва оставляет за собой право поставок вооружения партнерам


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире
Киев

AFP: Байден объявил о выделении Киеву помощи на 225 млн долларов


Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Оркестр

Оркестр штаба Тихоокеанского флота выступил в столице БАМа



Москва

Людмила Поргина раскритиковала «Ленком» и актеров театра

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net