Мен есірткі жайлы айтып беремін
Сайысқа
Мен есірткі жайлы айтып беремін
Есірткі... Естігенде құлаққа түрпідей қадалатын жағымсыз сөз екен. Атауының мағынасына үңілер болсам, адамның санасын улап, есерсоққа айналдыратын дүние секілді. Дүние дегенім қаншалықты дұрыс болар екен? Әрине, бұл дүние деуге келмейтін улы зат. Жалпы тіршілік атауына нұқсан келтіріп, тамырына балта шабатын химиялық өнім. Есірткі-адамзаттың жауы. Сондықтан менің түсінігімде есірткі жамандықтың белгісі іспетті. Мен жас болсам да түрлі ақпарат көздерінен, танымдық сабақтардан есірткінің зиянды зат екенін ұғынып жүрмін. Есірткі- қоғамның дерті, өмірдің ащы өзегі. Өмір- адамзаттың тәп-тәтті сыйы. Осы сыйды қалай қабылдап, қалай бағалайтыны адамның өзіне байланысты. Кей жандар өмірден адасып, есірткімен уланып өмірін өксікпен өткізуде....