Сағат 18:00-де сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.