Арыстанды-Қарабастың желі
Бұл ауылда Патшабай деген дүмше тәуіп бар, сол пақыр әңгімелесе кетсе: «Кісі аурудан өлмеу керек, — деп өзеуреп болмайтын. — Отқа күйіп, суға батып, не машинаның астына түсіп ажал тапқанға дауа жоқ; ал ауруға кісі беру бекершілік. Сырқаттан өлгенге ем-домын дұрыс таппаған дәрігер ғана кінәлі», — дейтін. Ылғи ақ халат киген шипагер әулетімен жауласып, айтысып жүретін Патшабайдың бұл сөзін жұрт құлағының сыртымен тыңдап, күлетін де қоятын. Сол күстана айтқандай Өмірсерік бүгін ертеңгісін ауырмай-сыздамай, дәрігердің алдын көрмей-ақ ажал деп аталатын күңгірт дүниенің есігін жартылай ашып қайтты. Неден басталды десейші? Кеше кешкісін астанада тұратын тарихшы досынан шұғыл телеграмма алған: «Екі күнге еліңе...