Ақмола облысында «Еңбек» бағдарламасы арқылы 21,4 мың жаңа жұмыс орны құрылған
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 21,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына сілтеме жасап.