Жыл қорытындысы: Қазақстанның мәдени жетістіктері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясы салдарынан өткен 2020 жыл ауыр сынаққа тол болғанымен, қазақтың өнерлі өрендері әлемдік сайыстарда биіктен көрінді, ел ішінде де бірқатар маңызды мәдени шаралар өтті. Иманбек Зейкенов, Қарақат Башанова сынды жаңа есімдер жер жүзіне танылды. ҚазАқпарат агенттігі 2020 жылдағы Қазақстанның басты мәдени жетістіктеріне шолу ұсынады.